Тіл – алтын қазына

2019 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімінің «Тіл – алтын қазына» сыйлығына конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты-мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамытуға және мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосқан тұлғаларға қолдау көрсету және ынталандыру. Байқау қорытындысы бойынша «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Бектасова Алтынай Арғынгельдиновна «Үздік тіл маманы» номинациясында жеңімпаз және 100 000 теңге сертификатының иегері атанды. «Үздік тіл маманы» номинациясы бойынша сыйлық педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін берілді.

Добавить комментарий

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем ответить на все Ваши вопросы! 😉