Қостанай облыстық тарихи – өлкетану мұражайына саяхат

Тарих туған жерден басталады, сондықтан әр тұрғын өзі тұрған қаласы, елді мекен жері мен азаматтарының тарихын білгені жөн. Осындай мақсатпен 14.05.2019 жылы біз 3ОПУ-34кБ тобының студенттерімен Теміржол декадасы аясындаҚостанай облыстық тарихи – өлкетану мұражайына саяхатқа бардық. Мұражайға кірмес бұрын студенттерге мұражай жайлы қысқаша түсінік берілді.

Мұражай ішінде 13 зал бар. Тақырыбымыз «Ауыр Жеңістің тарихы» болғандықтан, біз Ұлы Отан соғысына арналған залға кірдік.

1920-1930 жылдары біздің жерімізде жеңіл өнеркәсіптер, шеберханалар және мектептер жұмыс жасаған. Сол кезде түсірілген ескі фотолар мен табылған мұрағаттармен таныстық.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, ер азаматтарымыз соғысқа аттанды. Соғыс уақыттарында киімдер мен хаттарды ағаш жәшікке салып жіберетін болған. Отбасын асыраушылары болмағандықтан, үнемдеу мақсатында халық тамақты талонмен немесе арнайы карточкамен алды. Экскурсия жетекшісі талон түрлері мен карточкаларды бізге көрсетіпшықты.

Соғыстың алғашқы кездерінде адамдардың қазасы жайлы хат – хабарлар келе бастады. Сол жылдарында елге жетпей қалған, майдан алаңдарынан табылған ескі хаттарды да көрдік. Хаттар ашық жатқандықтан, студенттерге оқуға мүмкіндік берілді. Ол хаттарда соғыс даласында жүрген азаматтарымыздың ата – анасына, үйіне, еліне деген сағынышы жазылған. Қазір құнды жәдігерге айналғанбір бума сарғайғанқағаздан сағынышпен қайғы – қасіретті байқау қиын емес…

Келесі бөлмеде біз сол жылдардағы үй интерьерімен таныстық. Әр үйде үлкен карта болғанын және жалаушалармен белгіленгенін, ол жалаушалар жаудың қай жерде жүргенін біліп отыру үшін керек екенін білдік.

Соғыс уақытында №7-ші авиациялық училище Қостанай облысына көшірілген болатын.Майор Афанасьевичтіңжетекшілігімен 2444 жойғыш — ұшқыш дайындалды. Солардың көбісі — осы соғысқа аттанғандар. Оның ішінде Билаш Николай да болды.Ол кісі Прибалтика майданына қатысқан.

Соғыс кезінде біздің жерімізде 5 эвакогоспиталь жұмыс жасады.Сол жылдары өз еңбектерін аянбаған медбикелеріміздің фотосуреттерімен экскурсия жетекшісі таныстырды.

Сол жылдардағы дәптерлер және әскери адамдардың күнделіктерін мұражай мұрағаттарынан көре алдық. Ол кездері балабақша және мектеп оқушыларына мылтық ұстауды үйреткені жайлы білдік.

Келесі залда батырлардың киімдері, қолданған заттарын көріп, соғысқа аттанған жерлестерімізбен таныстық. Біздің Қостанай облысынан екі кісі 2 мәрте«Кеңес Одағының Қаһарманы» атағын алды. Ол кісілер Павлов пен Леонид Беда болатын. Ең бірінші Павловқа атақ берілген кезде жұмысшылар жиналып, 3 ұшақ сатып алған, соның біреуін сыйға бергенін білдік. Осы кісілердің атына қаламызда көше аттары берілген және қола мүсін орнатылған.

Қазіргі таңда жыл сайын 9 мамырда қаламызда парад өтеді. Парадта түсірілген фотосуреттермен таныс болдық.

Кез келген мұражайға саяхатүнемі танымды және қызықты өтетіні рас. Жеңістің бізге оңай келмегенін студенттер білгені дұрыс. Мұражайлар -өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуге арналған мекеме.

Тарихи құжаттар, ескерткіштер осы оқиғаларға қатысушы кісілердің суреттері студенттердіңжүрегінде терең із қалдырды деген сенімдемін.

Добавить комментарий

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем ответить на все Ваши вопросы! 😉