Мухамедова Сауле Мараловна
зав механико-технологического отделения

sau8484 mail.ru

1303000 «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»

Темір жол көлігіндегі сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсете алатын электр механиктерін дайындайды

Біліктілігі: Электромеханик

Электромеханиктің кәсіби қызметінің объектілері:

  • сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау объектілерінің электр және электр механикалық жабдығы;
  • темір жол автоматикасы мен телемеханиканың негізгі аппаратурасын монтаждау, баптау, диагностикалау, пайдалану және жөндеу;
  • қажетті өзгерістер жасау, персонал жұмысының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету.

Электромеханиктің кәсіби қызмет түрлері:

  • қызмет көрсетілетін құрылғылар мен жабдықтардың жарамды жай-күйін, авариясыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
  • технологиялық процеске сәйкес объектілердің, жабдықтардың, тораптардың, бөлшектердің, материалдардың жай-күйін диагностикалауды және бақылауды жүзеге асыру;
  • автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларын тексеру, баптау және реттеу.
  • барлық тораптардың, бөлшектердің және схемалардың техникалық жай-күйін диагностикалау және бақылау;

Білуі тиіс: автоматика жүйелерімен станциялар мен аралықтар жабдықтарының пайдалану-техникалық негіздері

СОБ құрылғыларын және темір жол автоматикасы жүйелерін, электр қоректендіру аппаратурасын және СОБ желілік құрылғыларын монтаждау және баптау тәсілдері.

Қолдана білу керек: Автоматиканың станциялық және айдау құрылғыларының принципті сұлбаларын оқу;

Темір жол автоматикасы құрылғыларына, электрмен қоректендіру аппаратурасына және желілік құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша негізгі жұмыс түрлерін орындау.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқу мерзімі:

11 сынып негізінде-2 жыл 10 ай

Бөлімдерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шаралары

  • Пәндік-циклдік пәндер декадасы: темір жол пәндері, экономикалық пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер, гуманитарлық пәндер, техникалық, ақпараттық және т.б.
  • «Мамандық бойынша үздік » байқауы
  • Жас ғалым-2018 «конференциясына қатысу»
  • StartUp жобаларға қатысу
  • Республикалық, қалалық байқауларға қатысу
  • Мұғалімдер күні
  • ҚР Тәуелсіздік күні
  • Наурыз
  • Дипломдарды табыстау рәсімі
  • Студенттер қатарына қабылдау
  • 1Студенттік дебютке қатысу
  • Бірінші курс студенттері спартакиадасына қатысу