Оқу үдерісінің жалпы жоспарлауы нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Колледжде оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқу сабақтары басталмас бұрын оқу үдерісінің кестесі және сабақ кестесі құрастырылады. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары оқу үдерісін қадағалау мақсатында колледж администациясынын кезекшілік кестесін әзірлейді. Оқу сабағының кестесі студенттерге ашық. Бұл кесте тақтасы арқылы қамтамасыз етіледі. Студенттерге сабақ келесі негізгі формалар түрінде өткізіледі:

  • Теориялық сабақ;
  • Практикалық сабақ;
  • Зертханалық жұмыс;
  • Бақылау жұмысы;
  • Кеңес;
  • Сынақ, емтихан;
  • Курстық жұмыстар, жобалар;
  • Дипломдық жобалар;
  • Оқу және өндірістік машықтану;
  • Өзіндік жұмыс;
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары;

Оқытушылар теориялық, практикалық және зертханалық жұмыстарды жүргізеді, оқу жүктемесін жоспарлауға сәйкес дипломдық жобалауына қатысады. Тиімді ақпарат алмасу мақсатында стендтер орналастырылды. Ол жерде мамандық және топтар бойынша сынақ-естихан сессиясына шығарылатын пәндер және емтихан кестесі көрсетілген. Курстық жұмыс (жоба) студенттердің дағдыларын бағалау және тиісті пәннің білімі мен дағдыларын нығайту мақсатында жүргізіледі.

Курстых жұмыстарды (жобаларды) ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары тиісті циклдік комиссиялар келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбын бекіту;
  • Курстық жұмысқа тапсырмаларды дайындау;

Курстық жұмыстар (жобалар) кесте бойынша өткізіледі және қорғалады.

Күндізгі теориялық дайындыққа арналған оқу уақытының жалпы көлемі аптасына 36 сағаттан кем емес міндетті оқу жүктемесінің негізінде айқындалады (бұл жағдайда қосымша көлемде қосымша сабақтар мен кеңес беру сабақтары қамтылмайды). Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және 1 шілдеге дейін аяқталады.

Аралық аттестация барлық пәндер бойынша жүргізіледі, олардың негізгі түрлері: бақылау жұмысы, сынақ, емтихан.

Кәсіби білім бағдарламасын меңгеру аяқталғаннан кейін студенттің оқу деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестация жүргізіледі. Студенттердің қорытынды аттестациясы арнайы пәндер бойынша емтихан тапсыруды, дипломдық жобаны жасау және қорғауды қамтиды.