Колледж ұжымының әдістемелік жұмысы 2007ж 29 караша айында шыққан № 583 «Оқу –әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және іске асыру ережесі туралы бекітілген» БҒМ бұйрығы өзгерістер және толықтырулар еңгізілген, «Әдістемелік кеңестің жұмыс ережесі және оның тағайындалуы», 2007ж желтоқсан айында шыққан № 644 «Педагогикалық ұжымның қызметі туралы ережесі» атты БҒМ бұйрығы, 2007ж қазан айында шыққан № 506 «Ішкі нормативті құжаттар» атты БҒМ бұйрығы арқылы жұмыстары ұйымдастырылған. Келесі нұсқаулар әзірленді: әдістемелік кеңес туралы, ПЦК жұмысы туралы, оқу-әдістемелік кешен туралы, озық тәжірибе мектебі туралы, жас маман мектебі туралы, тәлімгерлік туралы және т.б.

Колледждің әдістемелік қызмет құрылымы жалпы әдістемелік жұмыстарды басқаратын ұйым. Ұжымның әдістемелік жұмысы бойынша модель қалыптастырылған. Бұл модель әдістемелік жұмыстың негізгі ұйымдастыру тәртібін ашып, педагогикалық ұжымның мотивациялық функциялардан бастап аналитикалық – тәжірибе алмасу функцияларының дамуын қарастырады. Сараптаманың қорытындысы бойынша мазмұндық – жоспарлық және болжау функциялары логикалық қорытындылау, әдістемелік ұжымның құзіреттілік дағдысын қамтамасыз етеді.

Колледждің әдістемелік жұмысы диагностикалық негізінде және жергілікті актілер мен жұмыс жоспары арқылы қалыптасқан.

Колледждің әдістемелік тақырыбы: «Оқу барысында құзыреттілік тәсілді іске асыру жолында білікті мамандар дайындаудағы негізгі факторы»

Мақсат:педагогтар мен студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқуда құзыреттілік және іскерлік тәсілдерін жүзеге асыру.
  • Дуалды оқу элементтерін еңгізу.
  • Модульды оқу элементтерін еңгізу.
  • Оқытушылардың ақпараттық құзыреттілігінің дейгейін көтеру.
  • Оқу үрдісінде авторлық цифрлық оқулық ресурстарын қолдану және әзірлеу.
  • Оқуда құзыреттілк тәсіл деңгейлерін табысты жүзеге асыру мақсатында оқытушылардың біліктілігін арттыру.
  • Педагогикалық портфолио жүйесін еңгізу.

Оқу – әдістемелік жұмысының басшылығы іскерлік әдістемелік кеңес арқылы жүзеге асырылады. Әдістемелік кеңес ақпараттық, ұйымдастырушылық және басшылық тәсілдерін орындайды. Әдістемелік кеңестің іскерлігі оқытушылардың кәсіби деңгейлерінің өсуіне байланысты.

Колледжде әдістемелік кеңес ПЦК жұмысын ұйымдастыруын, шығармашылық топардың оқу – әдістемелік әдебиет әзірлеуін, ИДЖ бойынша әдістемелік сүйемелдеуін, оқу әдебиеттерін және стандарттарын апробациялау, аттестациялау комиссиясы, студенттік ғылыми қоғам, жас маман мектебі, тәжірибе алмасу мектебі жұмыстарын жүзеге асырады.