«10-ншы аймақ»-Алға!

2018 жылдың  14-15 мамырында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасының аясында «Кемел Кәсіпкер» бизнес-кейстерді шешу және «Project Day» жобалар құру чемпионаты өткізілді. Осы шараға   «ҚИнЭУ колледжі» жеке мекемесінің екі студенттік командасы қатысты. «10-ншы аймақ» команда құрамының мүшелері — Байгонысов Касым, Байжиенов Дамир, Балтабаев Ерканат, Жылқайдаров Темірлан, Кадыров Мырза, «StupidCorp.ltd» командасының мүшелері – Абильпанова Жания, Калиахметов Бейбут, Кылышбекова Перизат қатысып, өз жобаларын ұсынды.

Нәтижесінде «10-ншы аймақ» командасының мүшелері – Байгонысов Касым, Абильпанова Жания және Байжиенов Дамир байқаудың жеңімпазы ататнып, сертификаттармен марапатталды және жазғы кәсіпкерлік «Summer Boot Camp» лагеріне жолдама алды. Онда олар өз жобаларын ұсынып, бақтарын сынайтын болады. Студенттерге сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!

Добавить комментарий

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем ответить на все Ваши вопросы! 😉