Программа «Серпін — 2050»

«Мәңгілік ел жастары — индустрияға»«Серпін-2050» әлеуметтік жоба

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді.

photoБұл жоба  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді.

Бағдарламаның басты мақсаты халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және батыс өңірлерінде оқытып, осы өңірде жұмысқа орналастыру.

«Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарлама еліміздегі жұмысыздықты азайтуға септігін тигізбек.

2014-2015 оқу жылында «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына жалпы 2050 грант қарастырылды. Оның ішінде 1050 грант техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі оқу орындарына бөлінді. 2015-2016 оқу жылында «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі оқу орындарына 1200 грант бөлінді.

Жобаға қатысуға Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып әртүрлі деңгейде ұпай жинаған барлық мүдделі түлектердің мүмкіндіктері бар. Бағдарлама бойынша гравнт иегерлері стипендиямен, жолақысы және жатақханамен, киіммен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де қатыса алады.

«Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының жұмысын ұйымдастырып бақылау жасайтын Республикалық Үйлестіру Кеңесі. Кеңесті басқарады «Өрлеу» БАҰО АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбенов.

Комментарии для сайта Cackle