«ҚИнЭУ колледжінде» оқуға түсушілердің жиналысы өтті

Түлектерді ресми түрде колледж құрамына енгізіп, оқытушыларымен таныстырды.

ҚИнЭУ акт залында болашақ студенттерді колледж әкімшілі және кураторлары қарсы алды. Жастардың өміріндегі жаңа сатыға аяқ басуымен құттықтап, «Колледж ҚИнЭУ» директоры Серікбай Қадыров сөз сөйледі. Оқушыларды және олардың ата-аналарына оқу орнын дұрыс таңдағанына алғысын айтты.

Серікбай Қадыров өз сөзінде «ҚИнЭУ колледжінің» техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары арасында алғы саптағы колледждер қатарында екенін және білім беру жұмыстарының жоғары болу себебі кадрлардың да жоғары біліктілігнен екенін айта кетті. Студенттің жан-жақты дамуы үшін де үйірмелер мен түрлі спорттық секциялары бар «ҚИнЭУ колледжінің» таптырмас оқу орны екенін де тоқтала кетті.


Колледжді таныстырып болған соң абитуриенттерге және ата-аналарына бюджет есебінен оқу мүмкіндігін жеңіп алған студенттердің тізімін атады. Сонымен қатар, 4 қыркүйек күні сағат 10:00-де өтетін салтанатты жиынға шақырды.

ҚИнЭУ баспасөз қызметі

Комментарии для сайта Cackle 398 просмотров